22.08.2006, 09:21 2495

Ибрагимовтың адвокаты тергеу амалдарына қайта оралу қажеттігі туралы өтініш білдірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 тамыз. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев, оның көмекшілер Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевтың өліміне қатысты іс бойынша өткен жарыссөз барысында Рустам Ибрагимовтың адвокаты Серік Сәрсенов істің жаңа тұстары ашылуына байланысты тергеу амалдарына қайта оралу қажеттігі туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Беті ашылған "жаңа фактілер" ретінде Серік Сәрсенов 2 наурызда толтырылған хаттамаға қойылған куәгерлердің қолдары жалған екенін растаған сараптама қорытындысын атады.

Тағы бір дәйек ретінде адвокат Мәскеу мемлекеттік медициналық сот университеті өлімнің уақытына қатысты жасаған сараптама қорытындысын атап өтті. С.Сәрсеновтың айтуынша, Ресей сарапшылары "мәйіттерді тексергенде бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергендігін және сот медицина сарапшыларының қорытындылары ғылыми тұрғыда негізсіз жасалғанын", атап көрсеткен.

Сот сол жерде кеңесе отырып, адвокаттың өтінішін кері қайтарды.
Бүгін жарыссөз барысында Р.Ибрагимовтың жақтаушысы С.Сәрсенов өз сөзін жалғастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны