28.04.2008, 16:15 2982

Иерусалимнен Алматыға христиан дінін ұстанатындардың Қасиетті шырағы жеткізілді

Иерусалимнен Алматыға христиан дінін ұстанатындардың Қасиетті шырағы жеткізілді

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Иерусалимнен Алматыға "Саяхат" әуекомпаниясының арнайы рейсімен христиан дінін ұстанатындардың Қасиетті шырағы жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі орыс православиелік шіркеуінің Астана және Алматы Епархиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Құдайға шүкір Тель-Авивтен ұшқан рейс бүгін Алматыға келіп қонды. Шырақ Вознесенский кафедралық соборына жеткізілді. Онда құдайға құлшылық (литургия) жасалғаннан кейін Мефодий шырақты келушілерге үлестірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кафедралық соборға таңғы құлшылыққа келгендердің барлығы "Қасиетті шырақтан" шам жағып алды. "Шіркеудің іші толығымен шырақ сәулесіне малынды. Өте тамаша көрініс", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, шырақ жыл сайын Пасханың алдында Иерусалим қаласындағы храмда жағылады. Алаудың табиғи көзі жоқ және алғашқы минуттарда күйдірмейді. "Құдай алауының" пайда болуы белгі болды. Jсыдан 11 ғасыр бұрын христиандық күдікке алына бастағанда Иерусалим храмында осы от пайда болды. Cодан бері ол жыл сайын жағылады", - деп түсіндірді орыс православиелік шіркеуінің баспасөз қызметі.

"Қасиетті шырақ" жыл сайын бүкіл дүниежүзіне таратылады. Алматыға ол бүгін алғаш рет әкелінді. Шіркеу қызметкерлері алдағы жылдары да "Қасиетті шырақты" Алматыға әкелеміз деп үміттеніп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны