25.09.2012, 16:17 2864

II Халықаралық инновациялық мектеп және "ҚУАТ, СУ және ХИМИЯ" дөңгелек үстелін өткізу туралы баспасөз баяны

Инновациялық мектеп ұйымдастырушылары инновация мен энергияны үнемдеу саласына жаңа идеялар мен адамдарды тарту, компания үшін ресурстарды үнемдеу саласында нақты ұсыныстар мен жобалық идеяларды әзірлеу, инновациялар үшін бұрынғы әріптестікті дамытып, жаңа әріптестерді табу мақсатын қойып отыр.

2012 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында Павлодарда II Халықаралық инновациялық мектеп және "ҚУАТ, СУ және ХИМИЯ" дөңгелек үстелі өтеді, деп хабарлайды "Қазатомөнеркәсіп"ҰАК" АҚ баспасөз қызметі.

Инновациялық мектеп ұйымдастырушылары инновация мен энергияны үнемдеу саласына жаңа идеялар мен адамдарды тарту, компания үшін ресурстарды үнемдеу саласында нақты ұсыныстар мен жобалық идеяларды әзірлеу, инновациялар үшін бұрынғы әріптестікті дамытып, жаңа әріптестерді табу мақсатын қойып отыр.

Инновациялық мектептің ашылу рәсіміне "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник пен Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қатысады.

"Апта ішінде Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің индустриялдық және инжинрингтік компанияларының, университеттерінің, ғылыми орталықтарының жетекші мамандары бүгінгі таңдағы маңызды энергетика, химия, энергия үнемдеу технологиясы, АЭС-ын жобалаудағы заманауи технологиялар саласындағы тақырыптарды талқылайтын болады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, инновациялық мектеп қатысушыларына Павлодар Мұнайгаз зауыты мен "Каустик" ЖШС-не техникалық тур жасауға мүмкіндік беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны