12.10.2018, 15:27 7141

ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумы Қазақстанныӊ халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алумен басталды

Қазақ әдебиетініӊ көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтыӊ шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 86 жасында 10 қазанда дүниеден өтті.

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Ош қаласында өтіп жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумыныӊ екінші жұмыс күні Қазақстанныӊ халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алумен басталды. Қырғызстан Жазушылар одағыныӊ төрағасы Акбар Рысқұловтыӊ бастамасымен форумға қатысушылар бірнеше күн бұрын ғана өмірден өткен заӊғар жазушыны бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті.

Форумға қатысушылар Шерхан Мұртазаныӊ әдебиет пен журналистикадағы айырықша орнын атап өтіп, жазушыныӊ қазасы қазақ-қырғызға бірдей екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, бауырлас екі халықтыӊ әдебиеті мен мәдениеті де біте қайнасып жатқанына тоқталды

Иулиеата халқы да ардақты азаматын азалады Қараорман қазақтыӊ қамын күйттеп, ұлттыӊ ұлы сөзін сөйлеп өткен намыс найзағайы, аса көрнекті жазушы және мемлекет қайраткері Шерхан Мұртаза өмірден озды. Екі күннен бері қалыӊ қазақ аза тұтып, біртуар перзентін жоқтап жатыр. Қазан айыныӊ қара суығында келіп жеткен бұл қаралы хабар бәрібір алып бәйтеректі құлата алмайды, мөлдір бұлақты суалта алмайды. Себебі, Шерхан Мұртаза ақиқаттыӊ алдаспаны, шындықтыӊ шырақшысы бола білген алып тұлға еді.

Халқы Шераға деп қастерлеген, құрмет тұтқан тұлғамен қоштасу оӊай емес. Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқа арасындағы қараорман қазақпен бірге Иулиеата халқы да ардақты азаматын азалады. Қайраткер тұлғамен Тараз қаласындағы "Жеӊіс" саябағында Жамбыл жұртшылығы қимай қоштасты. Саябақтағы Шерхан Мұртазаныӊ үлкен портреті салынған баннерге әулиеаталықтар гүл шоқтарын қойып, марқұмныӊ рухына тағзым етті. Сонымен қатар, осында жазылған Елбасыныӊ "Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздіӊ дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтыӊ мұӊын мұӊдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаӊбасы бар заӊғар жазушы соӊына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды" деген сөзі Шерхан рухын асқақтатып тұрды. Иуелі Жамбыл облыстық ардагерлер кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Сансызбай Жорабеков сөз алып, аӊыз тұлғаныӊ қайраткерлік жолына тоқталды. Ир жылдары еліміздіӊ бас басылымдарын басқарып, одан кейін депутат болған Шерхан Мұртазаныӊ ұлты үшін ұлы істер атқарғанын атап өтті. Ал өз сөзінде "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасыныӊ орынбасары Шәбден Тілеумұрат Шерағаӊныӊ ақиқат пен шындық жолында аянбай күрескен біртуар тұлға екенін еске алды. Бұдан кейін Жамбыл облыстық қазақ драма театрыныӊ директоры Болат Бекжанов, Талас ауданыныӊ Құрметті азаматы Үміт Битенова, Қазақстан Жазушылар одағыныӊ мүшесі Баймаханбет Ахмет арамыздан алыстап бара жатқан аяулы тұлға жайында жүрекжарды сырларымен бөлісті. Сонымен қатар, Шерхан Мұртазаныӊ жазушылық, қайраткерлік тағдыры туралы айтылды. "Мені адам қатарына қосайын деген ешкім болған жоқ. Көп шетқақпай көрдім. Мені тағдыр жетеледі" деп толғаныпты кезінде Шерхан Мұртаза. Тағдыры бөлек, бітімі ерек тұлғаны тағдырдыӊ өзі сынады, өзі қалыптастырды. "Шындық ешқашан шірімейді" дейді тағы бірде. Шындықты шырқыратып айтып, арыстандай арқыраған алып тұлғаныӊ есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазақтыӊ мәӊгі жүрегінде бола бермек. Хамит Есаман, "Егемен Қазақстан" Жамбыл облысы

Қазақ әдебиетініӊ көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтыӊ шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 86 жасында 10 қазанда дүниеден өтті.

Халық жазушысы 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыӊбұлақ мекенінде туған.1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетініӊ журналистика факультетін бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетініӊ, "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетініӊ тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жж. "Лениншіл жас" газетініӊ редакторы. Содан кейінгі уақытта "Жазушы" баспасыныӊ, "Жалын" альманахыныӊ, "Жұлдыз" журналыныӊ бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасыныӊ екінші хатшысы, "Қазақ әдебиеті" газетініӊ бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасыныӊ хатшысы қызметінатқарған. 1989-1992 жж. "Егемен Қазақстан" газетініӊ бас редакторы, 1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясыныӊ төрағасы болып істеді. Парламент Мәжіліс депутаты болған. Жазушыныӊ әр жылдары "Табылған теӊіз" (1963), "Белгісіз солдаттыӊ баласы" (1969), "Ахметжанныӊ анты" (1973), "Мылтықсыз майдан" (1977) повестері, "41-жылғы келіншек" (1972), "Интернат наны" (1974) әӊгімелері, "Қара маржан" (1977), бес кітаптан тұратын "Қызыл жебе", "Ай мен Айша" (1999) романдары, шығармаларыныӊ төрт томдығы (1990-2000), шығармаларыныӊ 6 томдығы, таӊдамалы шығармаларыныӊ 7 томдығы, "Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыӊда" (К. Смайыловпен бірге) (1998), "Бір кем дүние" (2008) кітаптары жарық көрген. Қазақ тіліне Г.Х.Андерсенніӊ әӊгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтыӊ "Ботагөз", "Қош бол, Гүлсары", "Теӊіз жағалай жүгірген тарғыл төбет", "Боранды бекет" туындыларын; Мұстай Кәрімніӊ "Біздіӊ үйдіӊ қуанышы" повесін, Э.Эрскинніӊ "Марыкчан балалары" романын, Л.Лагинніӊ "Хоттабыч қарт" повесін тәржімалады. "Изиза" пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігініӊ грантын жеӊіп алды. "Қара маржан" романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-ніӊ еӊбек сіӊірген мәдениет қызметкері, Қазақстанныӊ Халық жазушысы. "Құрмет белгісі", "Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы мен ПЕН-клуб сыйлығыныӊ иегері (2003).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны