07.07.2020, 23:17 6068

II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн режимінде тіркеді

Кіру орындалғаннан кейін жоғарғы оң жақ бұрышында ашылмалы тізім бар батырманы басу, "Электрондық өтініштер" және "Онлайн тапсырыс беру" таңдау қажет.

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауды ресімдеді. Мұндай мүмкіндік азаматтарға мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында берілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңі ішінде АӘК алғаш рет тағайындау үшін азаматтар электрондық форматта өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін eGov.kz порталда авторлану қажет және электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы тиіс.

Кіру орындалғаннан кейін жоғарғы оң жақ бұрышында ашылмалы тізім бар батырманы басу, "Электрондық өтініштер" және "Онлайн тапсырыс беру" таңдау қажет.

Бұдан әрі өтініш беруші жеке кабинетке түседі, онда оған "құру" батырмасын басу қажет. Содан кейін ("аймақ", "нақты тұратын мекен-жайы", "ұялы телефон" және т.б.) жолдарды толтыру талап етіледі. Бұдан басқа, құжаттардың фотосуретін немесе сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет. Тізімді "Қажетті құжаттар тізімі" сілтемесіне өту арқылы көруге болады.

Соңғы әрекет ЭЦҚ-кілттің көмегімен өтінімге қол қою болады. Ол үшін "Сертификатты таңдау" батырмасын басу және аты "RSA..." - дан басталатын файлды таңдау қажет, содан кейін жүйе ашық парольді енгізуді сұрайды.

Өтініш беру нәтижесінде өтінімге жеке кабинетте мәртебе беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтарға мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ АӘК тағайындауды ұзартты. Яғни, ағымдағы жылдың II тоқсанында АӘК алған азаматтар, егер отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысы Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ынан аспаса, III тоқсанда автоматты түрде төлем алуды жалғастырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны