16.05.2016, 13:12 4222

IIМ министрi Қазақстанда митинг өткiзудiӊ қажетi жоқ деп есептейдi

Мәжiлiстiӊ үкiмет сағатынан кейiн журналистердiӊ сұрағына жауап берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ендi қазақстандықтарға жер мәселесiне қатысты митингтер өткiзудiӊ қажетi жоқ деп есептейдi. Сондай-ақ, ол 21 мамырда митинг болмайтындығына үмiтiн бiлдiрдi

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Мәжiлiстiӊ үкiмет сағатынан кейiн журналистердiӊ сұрағына жауап берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ендi қазақстандықтарға жер мәселесiне қатысты митингтер өткiзудiӊ қажетi жоқ деп есептейдi. Сондай-ақ, ол 21 мамырда митинг болмайтындығына үмiтiн бiлдiрдi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бiз елiмiзде болып жатқан жиын, шаралардыӊ барлығын қадағалауда ұстаймыз. Менiӊ ойымша, митинг өткiзуге еш себеп жоқ, барлық мәселе шешiлуде. Қазiргi таӊда мемлекеттiк комиссия жұмыс iстеп жатыр. Мұныӊ барлығы талқылануда. Сондықтан митинг өткiзудiӊ қажетi жоқ", - деп жауап бердi министр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Қ.Қасымовтыӊ айтуынша, елімізде "Митинг өткiзу туралы" заӊ бар. Оған сәйкес, олар өтiнiш жасауы керек, арнайы орын белгiленуi тиiс, себебi бұл адамдардыӊ топпен жиналуы болып саналады.

"Сондықтан тәртiп болуы тиiс. Белгiлi бiр адамдардыӊ тобыры барлық тәртiптi бұза алмайды. Олар көлiк жұмысына кедергi жасайтын болады, сәйкесiнше шара қабылдайтын боламыз", - дедi Қ.Қасымов.

Министр, сондай-ақ, жер мәселесiн көтеріп, митингке шыққандарға қатысты тергеудiӊ жүргiзiлмегендiгiн айтты. "Мен Атырау облысыныӊ прокуроры, облыс әкiмi нақтылап айтты деп ойлаймын, сондықтан бiзде ешқандай материал жоқ", - дедi Қ.Қасымов.

"Нақты тәртiп бұзушылық болған жағдайда, мысалы, тас лақтырған адамдар болса, олар жауап бередi. Ал адамдардыӊ митингке шығуына қатысты ешқандай мәселе жоқ", - дедi министр.

Естеріӊізге салып өтсек, Елбасы Жер Кодексініӊ халық арасында дау тудырған бірқатар тармағына мораторий жариялаған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны