23.04.2007, 16:02 3432

ІІМ оң тізгінді көліктер туралы Қауіпсіздік кеңесіне берілген мәліметтердің ақиқаттығына сендіріп бағуда

АСТАНА. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өткен жылдың күзіндегі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында оң тізгінді көліктердің қатысуымен болатын апаттық жағдайлар туралы берілген ақпараттардың ақиқат екендігіне сендіріп бағуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИІшкі істер министрлігінің оң тізгінді көліктерге тыйым салу қажеттігі туралы мәселеге қатысты ұстанымы өзгерген жоқ, өткен жылдың күзінде Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған ақпараттардың барлығы да нақты деректерге негізделгенИ,- деді бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығының бастығы Бағдат Қожахметов.

Ол, Иәрбір жол көлік оқиғасына қатысты жеке карточка қозғалатындығын, онда жол көлік оқиғасының егжей-тегжейі... соның ішінде көліктің марксы мен тізгінінің қай жақта орналасқандығы туралы мәліметтер берілетіндігінИ түсіндіріп өтті. ИБарлық сандар мен статистикалық мәліметтер осыннан алынып отырИ,- деп түсіндірді Б. Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы қарашада Қауіпсіздік кеңестің елбасының қатысуымен өткен отырысында Қазақстан Республикасының Жол полициясы комитеті тізгіні оң жақтағы көліктер жолдардағы бірден-бір қауіп көзі болып табылатындығы туралы хабардар еткен болатын. Атап айтқанда, ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары оң тізігінді көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарының саны 2,5 есеге өссе, ал осы жол апаттарының салдарынан қайтыс болғандардың саны 3,5 есеге өскен. Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, жалпы республика бойынша оң тізгінді 117 мың көлік тіркелген.

2007 жылдың қаңтарының аяғында үкіметтің республикаға оң тізгінді көліктерді әкелуге тыйым салатын қаулысы заңды күшіне енді. Жұмада, 20-сәуірде ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов, министрлік парламентке 2010 жылдан бастап оң тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салатын заң жобасын енгізгендіктерін хабарлаған болатын.

Бірнеше күн бұрын Алматыда өткен брифингте парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктер жолдардағы апаттардың негізгі себепшісі болып табылады деген жалған ақпарат беру себептерін анықтауға ұсыныс жасаған болатын. ИКүш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктер жолдардағы апаттардың негізгі себепшісі болып табылады деген жалған ақпарат беру себептерін анықтау қажетИ,- деді ол.

Сонымен қатар депутат қазіргі уақытта республика аумағында жүріп жүрген оң тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салу ИқатеИ шешім болатындығын айтып өтті. "Біз оң тізгінді көліктер кезінде, тіптен қазіргі күнде де ақшаларын ұзақ жылдар бойы жинаған орта табысты адамдар үшін қол жетерлік көлік екендігін білеміз. Сөйте тұра, осындай шолақ шешіммен оларды осы қозғалыс құралдарынан айыру - бұл дәл осы жағдайда меніңше саяси және әлеуметтік қате шешім болады",- деп мәлім етті Д. Назарбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны