09.04.2008, 10:32 1671

Іле-Алатау табиғи паркінің аумағында табиғат қорғау заңын бұза отырып салынған нысандар жоқ - директор

Іле-Алатау табиғи паркінің аумағында табиғат қорғау заңын бұза отырып салынған нысандар жоқ - директор

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік Іле-Алатау табиғи ұлттық паркінің аумағында табиғат қорғау заңын бұза отырып салынған нысандар жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік Іле-Алатау табиғи ұлттық паркінің директоры Абай Бегімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің парктің аумағында табиғат қорғау заңын бұза отырып салынған нысандар жоқ", - деді А. Бегімбетов.

Атап айтқанда, ол табиғи ұлттық парк аумағында су режимінің өзгеруі бұзылуына себеп болуы мүмкін қандай да бір құрылыс жоқ екенін хабарлады.

"Менің ойымша, өзен жағасындағы құрылысқа қатысты әңгіме алдын ала ойластырылған. Бұл, әсіресе, осы мәселе бойынша жақсы хабардар емес адамдарға қатысты. Себебі, қазіргі таңда облыста су жағасынан қанша метр алыста құрылыс салу керек деген нақты өлшем жоқ қой. Ал тап қазір қандай да бір ғимарат заң бұзып салынды деп ешкім де кесіп-пішіп айта алмайды", - деді парк директоры.

"Тіпті баршаға белгілі Тау Дастарханды алатын болсақ та, барлық нормалар сақталынған. Кезінде осы кешенді салар кезде су шаруашылығы қызметімен барлығы да келісілген. Және бүгінгі күні өзенге қандай да бір залал немесе қолайсыз ықпал ету оқиғасы орын алған жоқ", - деп атап көрсетті А. Бегімбетов.

Ал сол мезгілде "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Үлкен Алматы шатқалында салынған мейрамханалар мен әртүрлі ойын-сауық кешендері нақты су шаруашылығы қорғауға тиіс аумақта орналасқан деп сендіруде.

"Қазақстан Республикасының Су кодексі бойынша өзеннен 20 метр қашықтыққа дейін ешқандай нысанды салуға болмайды. Өзен алқабы толығымен еркін және таза болуы шарт", - деп атап көрсеткен эколог. Оның айтуынша, заңның әрбір үтір, нүктесіне зейін қояр болсақ, онда бұл нысандардың көпшілігі бұзылуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны