20.03.2012, 12:39 3429

Ильинка ауылында жоғалып кеткен 26 жасар әйел табылды

"Астанадан 25 шақырымдағы "Астана -Бурабай" тас жолының бойында қар құрсауынан дүйсенбі күні 5 адам мен 2 көлік алып шығарылған".

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Ильинка ауылында жоғалып кеткен 26 жасар әйел табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Астанадан 25 шақырымдағы "Астана -Бурабай" тас жолының бойында қар құрсауынан дүйсенбі күні 5 адам мен 2 көлік алып шығарылған".

13 сағат 45 минуттан 21 сағат 50 минутқа дейін Ильинка ауылында іздеу-құтқару шараларының барысында жоғалып кеткен 26 жасар әйел табылды. Ал 14 сағат 25 минут пен 22 сағат 00 минут аралығында "Астана-Павлодар" тас жолының бойында 3 адам мен 1 шағын автобус қалың қардан шығарылды. Сондай-ақ 17-00-ден 22-30-ға дейінгі аралықта "Астана-Қарағанды" тас жолының бойынан қар құрсауынан 12 адам мен 6 жүк көлігі шығарылды. 22 00 мен 23-35-тер аралығында "Астана-Бурабай" тас жолының бойынан 10 адам мен 7 жеңіл көлік қауіпсіз аймаққа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Іздеу-құтқаружұмыстарына төтенше жағдайлар саласынан 20 адам мен 8 техника қатысты. Сонымен қатар Қарағанды облысының "Алматы-Екатеринбор" тас жолының бойынан (Осакаровка ауылынан 5 км жерде) "Астана-Қарағанды" бағытында жылжып бара жатқан жолаушылар көлігі ауа райының қолайсыздығынан жолдан шығып кетті. Ол жерден 57 адам құтқарылды. Сондай-ақ Қоскөл-Жезқазған тас жолының бойынан жедел жәрдем көлігі жолдын шығып кетіп, ол жерден 7 адам құтқарылды. Олардың 3-уі балалар. "Киевка-Осакаровка" тас жолының бойынан 2 адам мен 1 көлік құтқарылды.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар саласының 2 қызметкері және 1 техникасының көмегімен 66 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олардың арасында 3-уі балалар. Зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны