27.06.2013, 14:31 9178

Импорттық құс еті техникалық регламентке сәйкес келмейді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында мемлекетпен қолданылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Импорттық құс еті техникалық регламентке сәйкес келмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында мемлекетпен қолданылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Министр сатуға тек қауіпсіз азық-түлік өнімдері жіберілу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, балғын, мұздатылған, сапасы жақсы, экологиялық таза, табиғи техникалық регламент талаптарына сәйкес өнімдерді шығаратын отандық өндірушілерді қолдау қажеттілігі жөнінде мәлімдеді.

Икелінетін өнімге жүргізілетін мемлекеттік қадағалау жүйесінен басқа өндірушілердің азаматтық жауапкершілігін, әсіресе кәсіпорындардың сапалы бақылау жүйесін арттыру қажет.

Бұған қоса, осы күнге дейін отандық нарық сапасыз, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, жақын және алыс шет елдердің, сондай-ақ Кедендік одақ мемлекеттерінің импорттық тамақ өнімдеріне толы. Олар импорттық өнімді өндіру кезінде табиғи өнімнің орнына мұздатылған өнімнің салмақтарын арттыру үшін (су, фосфаттар) жасанды және генномодификацияланған алмастырушыларды қолданады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен басқа мемлекеттік мекемелермен бірлесе құс өнімдерінің мысалында нарықта сапасыз тамақ өнімдерінің енуіне жол бермеу мақсатында шаралар қолданылуда.

Атап айтқанда, Ресей, Украина, Беларусь және АҚШта өндірілген құс еттерін сататын барлық ішкі сауда орындарында тексеріс жүргізілді. Бұл ретте құс етіне берілген ветеринариялық жолдама құжатының сәйкестігі, сақтау және сату шараларының сақталуы, техникалық регламентке сәйкестігі, сонымен қатар ылғалдылығы, орамасы мен таңбаланғаны тексерілді.

Тексеріс кезінде Ресей және Украинада өндірілген құс етінің орамасында тұтынушыға арналған мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы (немесе толық көлемде еместігі, немесе өндірген елдің тілінде нақты ақпаратпен сәйкессіздігі), жасалған күні, сақтау уақыты көрсетілмеген.

Құс өнімдерінде мұз табылған, яғни құс салмағын арттыру және көлемін ұлғайту үшін ұшаға шприц арқылы су енгізген. Одан басқа, зерттеу кезінде көп мөлшерде бактериялар табылған, яғни СанЕмН талаптарына сәйкес емес және адамдарда болатын жиі тамақ улануының себебі болып табылады. Сонымен бірге, сынамаларда ішек таяқшасы топтарының бактериялары, арттық мөлшерде мышьяк және қорғасын табылған.

Зертханалық зерттеу аяқталғаннан кейін жауапсыз кәсіпорын өндірушілеріне қатысты тиісті ветеринариялық - санитариялық шаралар қолданылады.

Нәтижесінде, тексеріс басынан бір айда 30%-ға дейін отандық сату көрсеткіші, оның ішінде мұздатылған балғын құс өнімдерінің артқаны байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны