25.01.2011, 14:42 3379

Индияда демалып жүрген қазақстандық туристке қарақшылық шабуыл жасалды

Дүйсенбі күні Индияның Пури қаласында демалып жүрген қазақстандық туристке қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі үндістандық The Times of India баспасына сілтеме жасай отырып.

Алматы. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - Дүйсенбі күні Индияның Пури қаласында демалып жүрген қазақстандық туристке қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі үндістандық The Times of India баспасына сілтеме жасай отырып.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның 23 жасар туристі Индияның Бхубанешвар (Bhubaneshwar) қаласының жағажайында жараланған. Полицейлердің сөзіне қарағанда, құрбанға бірнеше рет пышақ салған, одан кейін жас жігіт ауруханаға жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілген.

"Мен өзім конақтаған қонақ үйге келе жатқан болатынмын. Бейтаныс үш адам ақша талап етіп, ақшаның жоқ екендігін естігінде пышақ ала жүгірді",- деді жәбірленуші.

Бұл Пури қаласында бір жыл ішінде шетелдіктерге жасалып отырған алтыншы қарақшылық шабуыл. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар айында осы сияқты екі оқиға тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны