11.05.2014, 19:36 3586

Индонезияда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

2014 жылғы 13 мамырда Индонезия Республикасы Джакарта қаласының "Таман Исмаил Марзуки" атындағы концерт залында Қазақстан Республикасының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылғы 13 мамырда Индонезия Республикасы Джакарта қаласының "Таман Исмаил Марзуки" атындағы концерт залында Қазақстан Республикасының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді.

Мәдениет министрлігі хабарлағандай, мәдениет күндері аясында Джакарта қаласында Индонезия халқының назарына фотосурет көрмесі, "Елбасы жолы" және "Жаужүрек мың бала" фильмдері ұсынылып, соңы Қазақстанның танымал өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін гала-концертке жалғасады.

Концертте ҚР еңбек сіңірген әртістері Ескендір Хасанғалиев, Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Біржан Хасанғалиев, Данияр Байжуманов, Балжан Жүнісова, Медет Шотабаев, сонымен қатар Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрі, "Белес" этно-фолк тобы мен "Салтанат" мемлекеттік ансамблі өнер көрсетеді.

Екі елдің достық қарым-қатынасының дәлелі ретінде 2013 жылы Астана қаласында Индонезияның мәдениеті күндері өтіп, оның аясында Индонезия өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт, фотосурет көрмесі, тоқыма бұйымдарының көрмесі және фильмдер көрсетілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны