01.07.2015, 16:14 3391

Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза болғандар саны 135 адамға жетті

Индонезияда "Геркулес" С-130 ұшағыныӊ апаты кезінде қаза болғандар саны 135 адамға жетті. Олардыӊ мәйіттері Адам Малик қалалық ауруханасына жеткізілді

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Индонезияда "Геркулес" С-130 ұшағыныӊ апаты кезінде қаза болғандар саны 135 адамға жетті. Олардыӊ мәйіттері Адам Малик қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған дейін хабарланғанындай, "Геркулес" бортында 101 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге саламыз, "Геркулес" ұшағы 30 маусым күні Индонезияныӊ Медан қаласында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ "Голден Элеван" қонақ үйініӊ төбесінде жарылып, бірнеше тұрғын үйді басып қалды. Апат орнында өрт шығып, ондаған адам мерт болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны