15.05.2007, 10:08 1309

Индустрия және сауда министрлігі отандық өндірушілер мен шетелдік инвесторлардың бірыңғай тізімін жасады

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігі тәжірибелік пайдалану режимінде отандық өндірушілер мен шетелдік инвесторлардың электрондық бірыңғай тізімін жасады. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық кеңесінде индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл ақпараттық жүйенің басты тапсырмасы - жер қойнауын пайдаланушылардың, өндірушілердің тізімін жүргізу, тауар, жұмыс пен қызмет түрлерінің каталогын жасау, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жоспарлаған және іске асырған сауда-саттықтары туралы ақпаратты ұсыну", - деді Ғ. Оразбақов. Ол сонымен қатар, тізім тәжірибелік пайдалануда тұрғанын, онда Қазақстандағы 42 жер қойнауын пайдаланушы мен 110 тауар өндіруші, жұмыс және қызмет түрлерін ұсынушылар тіркелгендігін атап өтті.

"Жер қойнауын пайдаланушылар бұл жүйеде өздері туралы жалпы ақпаратты берумен қатар қажетті тауарлармен жабдықтай алатын немесе қызмет көрсете алатын көптеген жабдықтаушылармен жұмыс істей, қазақстандық өндірушілерді іздей алады", - деді Ғ.Оразбақов. Оның айтуынша, қажет болған жағдайда тиісті фирмамен он-лайн режимінде тез арада байланысқа шығуға болады.

"Одан өзге, жер қойнауын пайдаланушылар тізімде өздерінің жылдық сатып алу бағдарламасын және әрбір сатып алу бойынша жарнама орналастыра алады. Бұл өте маңызды жайт, себебі, бұдан бұрын ол жарнаманы Қазақстанда таралатын кез келген газеттегі жарнамадан іздеп, барлық газет-журналдарды парақтап шығуға мәжбүр болатын. Ал енді кез-келген қызығушылық танытқан пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушылар жүргізіп отырған сатып алулар туралы дер кезінде біле, соған дайындала және оған қатыса алады", - деді министр

Ғалым Оразбақов, сондай-ақ, жақын арада үкімет қаулысымен "тізімде жер қойнауын пайдаланушы өз бәйгелерінің қорытындысы туралы ақпаратты орналастыруға міндеттелетін" ереже бекітілетіндігін айтты. "Ол өз кезегінде оның ашықтығын ұлғайтып, жабдықтаушылардың негізсіз ұйғарым жасау мүмкіндігін төмендетеді", - деді министр.

"Ашықтық және аталмыш жүйе ықпал етпек жер қойнауын пайдаланушылар жүргізген сатып алуларға бірдей қол жеткізу мүмкіндігін туғызу мәселелерін шешу қазақстандық жабдықтаушыларды жер қойнауын пайдаланудың сервистік нарығында белсенді қатысуға және одан әрі қазақстандық үлес мөлшерін ұлғайтуға айтарлықтай серпін береді", - деп санайды Ғ. Оразбақов. Индустрия және сауда министрлігінің есебі бойынша, мемлекеттің күшейтілген көмегімен 2015 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық машина жасаудың үлесі 11 млрд $-ға жуық немесе жүйедегі сатып алулардың 25 пайызынан астам болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны