18.06.2007, 16:00 2778

Индустрия және сауда министрлігінің антимонополиялық құрылымы AES компаниясын сот процессінде жеңіп шықты

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Еліміздің Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысында AES компаниясын сот процессінде жеңіп шықты. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында комитет төрағасы Илиакпар Матишев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмада Шығыс Қазақстан облысында біз сот процессінде "AES" компаниясынан 2,7 млрд теңгені өндіріп алдық",- деді Илиакпар Матишев. "Сот американдық "AES" компаниясының тобына кіретін Шүлбі мен Өскемен су электр станцияларын бюджет кірісіне 2,7 млрд теңге төлеуге міндеттеді",- деп нақтылап өтті ол.

"Өскеменде облыс әкімі американдықтармен меморандумға қол қойған, бәсекелестікті қорғау комитеті оларға әкімшіліктің мұндай меморандум жасауға құқығы жоқ екенін айттық, себебі бұл оның функциясы емес... Икім бұл меморандумда егер американдықтар тарифті төмендетсе, онда ол бәсекелестікті қорғау комитетімен келісу арқылы монополистер реестрінен шығарып, бұрын қозғалған қылмыстық істі жаптыруға уәде берген ",- деп түсіндірді даудың мән-жайын Илиакпар Матишев. "Біз мұндай меморандумды күшсіз деп танып, оларды сотқа бергенбіз. Үш ай соттастық, сөйтіп жұма күні кешке сот біздің пайдамызға шешім шығарды",- деді ол.

"Біз қазіргі уақытта бәсекелестікті қорғау саласындағы бірқатар ірі заң бұзушылықтар анықталған цемент өнеркәсібін тексеріп жатырмыз",- деп хабарлады Илиакпар Матишев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны