13.07.2009, 14:17 1209

Ингушетияда өлтірілген бір содырдан Қазақстан азаматының құжаттары табылған

Ингушетияда өлтірілген бір содырдан Қазақстан азаматының құжаттары табылған

Алматы. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ингушетияда сенбі күні өлтірілген төрт содырдың біреуінен Қазақстан азаматының құжаттары табылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

"Арнаулы операция барысында Шешен-Ингуш әкімшілік шекарасының маңында Аршты ауылының барысында Ясир атты лақап аты бар Азамат Махаури есімді содыр өлтірілген. Ол өзін Ингушетия әмірімін деп жариялаған. Онымен бірге тағы да үш содырдың көзі жойылды", - деді Шешенстан президенті Рамзан Кадыров. Оның айтуынша, олардың біреуінде Қазақстанның Исмаил Джабаров есімді азаматының құжаттары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны