23.08.2011, 16:48 3872

"Инновацияляқ форсаж" реалити-шоуының жеңімпазы 7,5 млн теңгеге ие болады

Бұл туралы Ұлттық инновациялық қордың баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - "Инновацияляқ форсаж" реалити-шоуының жеңімпазы 7,5 млн теңгеге ие болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық инновациялық қордың баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Астанада "Инновациялық форсаж" тележобасы бастау алады. Оның негізгі мақсаты - еліміздегі үздік бизнес-жобаларды анықтап, оларды іске асыруға көмектесу. Осыған орай үздік бизнес жобаларды көздейтін "NIFS50K" және ең тиімді ұсыныстарға арналған "Рационализатор.kz" байқаулары ұйымдастырылады. Оған қатысатын барлық азаматтар "Инновациялық форсаж" тележобасы аясында өз жұмыстарын қорғамақ. "NIFS50K" байқауының сыйақы қоры - 7,5 млн. теңге. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Астанада өтетін Инновациялық форум барысында байқау жеңімпазына тапсыратын болады", деп айтылған таратылған хабарламада

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны