11.04.2012, 15:55 4127

Инновацияны дамыту қазақстандық ғылымының басты бағытына айналады

Елбасы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке Қазақстанның инновациялық жүйесін нығайтуды тапсырды. Ғылым мен өндірісті бір арнаға жинақтау, ғылыми жетістіктерді бизнес ортаға енгізу инновацияның дамуындағы жаңа, сапалы қадамдарға айналуы керек.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Инновацияны дамыту қазақстандық ғылымының басты бағытына айналады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке Қазақстанның инновациялық жүйесін нығайтуды тапсырды. Ғылым мен өндірісті бір арнаға жинақтау, ғылыми жетістіктерді бизнес ортаға енгізу инновацияның дамуындағы жаңа, сапалы қадамдарға айналуы керек.

"Үкімет Қазақстанның инновациялық жүйесін нығайтуы керек. Инновациялық гранттар бөлу арқылы болашағы бар ғылыми зерттеулерге жұмсалатын бюджет шығынын көбейту керек. "Ғылым туралы" жаңа Заң ғылымға жүйелі түрде көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың негізін салады", - деп атап өтті Елбасы Н.И.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысында ғылымды дамытудың 5 басым бағыты белгіленді. Ол бағыттар төмендегідей көрініс тапқан: энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым, еліміздің зияткерлік әлеуеті.

Инновация, ғылыми жетістіктерді сұранысқа ие экономикалық және әлеуметтік тауарларға айналдыру ғылымдағы басты бағыттар болуы керек. Сондай-ақ, ғылым мен бизнес және өндіріс арасында тығыз байланыс орнату қажет, себебі салааралық үйлесім ғана осы жұмысты алға бастыра алады. Сондықтан Дүниежүзілік банкпен бірлесе жүзеге асырылып отырған 75 млн. АҚШ доллары көлеміндегі "Технологияларды коммерцияландыру" жобасы ерекше мүддеге ие болып отыр.

Қазіргі таңда еліміздегі ең озық Ғылыми-зерттеу институттары мен Жоғарғы оқу орындары әзірлеген инновациялық жобалар, жоғары технологиялы, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға бағытталған ғылыми жұмыстар жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны