04.03.2008, 13:00 2392

Интернет қызметінің тарифтері төмендеген жағдайда ҚР интернет тұтынушыларының саны жақын уақытта 20% құрайтын болады

Интернет қызметінің тарифтері төмендеген жағдайда ҚР интернет тұтынушыларының саны жақын уақытта 20% құрайтын болады

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР халқы арасында интернет тұтынушыларының санын жақын уақытта 20% жеткізу үшін интернет қызметінің тарифтерін төмендету керек. Мұндай бағаны бүгін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Статистиканың мәліметтері бойынша "Мегалайн" өзінің тарифтерін 20% азайтып, интернетті пайдаланушылардың қатарын екі есеге ұлғайтты", - деп еске салды Қ. Есекеев.

"Менің пікірімше, егер болашақта тарифтерді төмендету үрдісі жалғасатын болса, онда тұтынушылар саны жақын уақытта 20 % жетеді ", - деп толықтырды ол өз ойын.

Қ. Есекеев айтқанындай, жалпы халық арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы аясында 20 % көрсеткішке 2009 жылы жетеді деп агенттік болжамдаған болатын.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, маркетингтік ICT Marketing агенттігі, 2007 жылы ҚР интернет желісін пайдаланып отырған 1 млн 600 мың тұтынушы тіркелген, бұл жалпы халықтың 11% құрайды. "Жыл сайын пайдаланушылар саны өсіп, олар интернетте негізгі "Қазақстан", "Астана" және "Алматы" сөздерін іздестіруде. "Яндекс" және "Рамблер" компанияларының мәліметтері бойынша бүгінде Қазнеттің ресурстарын ай сайын 1 млн адам пайдалануда. Оның 62 % Қазақстан халқы, 29 % Ресей тұрғындары, 4 % ТМД басқа елдері, 3% - Еуропа, 1% - Солтүстік Америка мен Азияға тиесілі, 0,5 - басқа мемлекеттердің халықтары", - деп қорытындылады К. Есекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны