02.02.2016, 20:22 3878

Интернетте саудасы қызған VIP нөмірлердіӊ ойдан шығарылғаны анықталды

Саудасы қызған "әдемі" сандар! Тек халыққа қызмет көрсететін арнайы орталықта сатылады деген VIP нөмірлер ғаламторда ашық саудаланып жатыр. Нөмір саудасын қыздырғандар, тіпті, қолдан жасалғанын да қорықпай рәсімдеп беруге даяр

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Саудасы қызған "әдемі" сандар! Тек халыққа қызмет көрсететін арнайы орталықта сатылады деген VIP нөмірлер ғаламторда ашық саудаланып жатыр. Нөмір саудасын қыздырғандар, тіпті, қолдан жасалғанын да қорықпай рәсімдеп беруге даяр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Нөмірмен, сіздіӊ фамилияӊызбен, машина маркаӊызбен, анау-мынауыӊызбен бәрі заӊмен дұрыс болады. Уайымдамаӊыз, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Мемлекеттік нөмірді мұнда өз қалауынша таӊдап алуға болады екен. "001" дейсіз бе, "007", "777" - нөмірлердіӊ "көркінен" көз сүрінеді. Тіпті, әріптеріне дейін әдемі. Осылай көлік нөмірлерін саудаға салғандар сайтта бағасын да көрсетіп қойған. Кемі- жарты миллион теӊге. Ал Ішкі істер министрлігіндегілер мұны алаяқтардыӊ әрекеті деп отыр. Өйткені, мемлекеттік нөмірлерді саудаға салуға өздерінен басқа ешкімніӊ құқы жоқ. Одан қалды ғаламторда көрсетілген нөмірлер арасында ойдан шығарылғандары да өріп жүр дейді. Мәселен, "Q", "I", "G" және "J" әріптері нөмір жасауда мүлде қолданылмайды екен. "Идемі" нөмірлерді ғаламторда сатқан алаяқтарды қазір полицейлер жан-жақтан іздеп жатыр.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ИПК ресми өкілі:

-Бұндай интернет-алаяқтардыӊ іс -әрекеттерініӊ құрбаны болмаӊыздар деп шақырамыз. Егер осындай интернет-алаяқтардыӊ құрбаны болсаӊыз, міндетті түрде полиция бөлімшесіне хабарлауыӊызды сұраймыз немесе 102 нөміріне хабарлауға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны