17.11.2010, 14:55 4061

Интернетте жол полициясының қызметкерлерімен болған егес әңгіме жазылған жазба пайда болды - телеарна

Интернетте жол полициясының қызметкерлерімен болған егес әңгіме жазылған жазба пайда болды - телеарна

Астана. 17 - қараша. Kazakhstan Today - Интернетте жол полициясының қызметкерлерімен болған егес әңгіме жазылған жазба пайда болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, жазба үстіміздегі жылдың наурыз айы кездерінде жазылған болуы мүмкін. Жол полициясының қызметкерлері көлікті тоқтатып, құжаттарын тексере бастаған. Олар әңгіменің ұялы телефонға жазылып жатқанын біліп, бастапқыда сыпайылықпен қатынасқан, бірақ біраздан кейін олар нілдей бұзылып сала берген.

Бейне таспадан "Азамат, сіз ішіп алған жоқсыз ба, бұл жерден кетіңіз",- деген жол полициясының дауысын естуге болады. Жүргізуші оны ұялы телефонның камерасына жазғанын тоқтатпағаннан кейін, ол "Сені сауықтыру орнына жіберу керек" деп бірнеше "ілеспе" сөздер айта келе: "Мен мас оңбағандармен сөйлеспеймін" деген.

"Тағы да айтыңыз",- деген жүргізуші, "Сайтан алғыр, маскүнем, оңбаған маскүнем. Мас маймыл. Сені "психушкаға" жіберу керек, оңбаған",- деген жауап алады.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың тамыз айында Қырғызтандық Александр Паленый өзін себепсіз тоқтатқан Қуандық Естемесов пен Тойжан Мүсілімовті түсірген бейне жазбаны интернетке салып, арты дауға айналған іс сотқа дейін барған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны