31.03.2015, 18:20 7438

iOS пен Android платформасындағы Тұӊғыш отандық, инновациялық "Айтыс" (iTys) IT-жобасыныӊ тұсаукесері

iTys мобильдік қосымшасы тұтынушыларға мемлекеттік тілде толыққанды хат-хабар алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әлемніӊ әр қиырындағы барша қазақстандықтарды біріктіруді көздейді. Бұл iTys өнімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ елімізді қарқынды дамытудыӊ басты бағдары ретінде айқындаған инновациялық жобаларыныӊ қатарына жатады.

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2015 жылғы 30 наурызда, сағ. 11.00 -де Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметініӊ "Қазмедиа орталығында" iPhone және iPad тұтынушылары үшін қолжетімді "Айтыс" (iTys) атты Тұӊғыш қазақстандық мессенджердіӊ тұсаукесерін өткізбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

iTys мобильдік қосымшасы тұтынушыларға мемлекеттік тілде толыққанды хат-хабар алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әлемніӊ әр қиырындағы барша қазақстандықтарды біріктіруді көздейді. Бұл iTys өнімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ елімізді қарқынды дамытудыӊ басты бағдары ретінде айқындаған инновациялық жобаларыныӊ қатарына жатады.

Алғаш рет "Айтыс" (iTys) қазақстандық мессенджерініӊ тұсаукесері 2014 жылғы 19 қарашада өткізіліп, Android платформасына ғана бейімделген болатын.

Енді Тұӊғыш қазақстандық мессенджер iOS платформасына шығарылып отыр. Оны AppStore мен www.itys.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады.

Бірнеше айдыӊ ішінде iTys мессенджерін ұялы телефондарына жүктеп алған тұтынушылар саны 150 000-нан асты, олардыӊ қатарында тек Қазақстан тұрғындары ғана емес, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия, Франция және Жапония елініӊ азаматтары да бар.

Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін iTys қосымшасын қазақстандықтар зор ризашылықпен қабылдаған болатын. Бұл ұлттық жоба тілімізді, ел мәдениетін және қазақстандық IT-технологияны жетілдіруге ықылас білдірген тұтынушыларды біріктіруші күшке айналды деуге болады.

28 және 29 қараша аралығында қазақстандық iTys қосымшасы ресми Android Market интернет-дүкенінде жүктелу саны жағынан бірінші орынға шықты.

iTys Қазақстанда, әсіресе жастар арасында ерекше танымал байланыс түріне айналды. Еліміздегі iTys-ты қолданушылар күн сайын үш миллионнан астан хабарлама жіберіп, мультимедиялық файлдар алмасып отырады.

Бұл қосымша барша қазақстандықтардыӊ, сондай-ақ шетелдіктердіӊ де қолдауына ие болды, оған қатысты оӊ пікірлер айтылуда. iTys командасы барлық келіп түскен пікірлер мен тілектерді назардан тыс қалдырмайды. Біз www.itys.kz сайтын барынша қолайлы етуге және қызмет түрін көбейтуге тырысудамыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздіӊ кез келген азаматы сайттыӊ халықтық дауыс беру парақшасы арқылы iTys командасыныӊ қатысушысына айналу мүмкіндігіне ие.

Халықтық ашық дауыс беру жүйесі пайдаланушылардыӊ өздеріне бағдарлама жүйесіне түрлі стикерлер мен смайликтер, тақырыпшалар енгізу мүмкіндігін бередi. Енді міне, соныӊ нәтижесінде iTys толықтай халықтық жобаға айналды.

iPhone және iPad құрылғыларына орнатылатын Мессенджердіӊ қазақша клавиатурасы да қолайлы, орыс және ағылшын әріптеріне көздері үйренген тұтынушылар енді қазақ әліпбиін де еркін пайдалана алады.

[14:41:55] Svetlana: iTys - баршамыз білетін Whatsapp-тыӊ қазақстандық баламасы

iTys - тұӊғыш қазақстандық мамандар әзірлеп шығарған, жедел хабар алмасу мүмкіндігін беретін арнайы мобильдік қосымша.

Бағдарламаныӊ бірқатар ұтымды да тиімді тұстары баршылық: мұнда жеке хабарламалардыӊ құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретін автоматты өшіру функциясы бар, ұлттық нақыштағы стикерлер мен смайликтер де орынды таӊдалған, интерфейсті де қазақ және орыс тілдерінде қолдануға болады. Ерекше тоқталатын тағы бір маӊызды жайт - ТЕГІН пайдалану мүмкіндігі.

iTys командасы алғашқы қазақстандық мессенджерді жетілдіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізуде. Біз көпшілік тарапынан осы жобаны қызықты да тартымды, қолайлы ету мақсатында ұсынылған ой-пікірлерді қуана қабылдаймыз.

Енді iTys пайдаланушылары суреттерді басқа қосымшалар секілді қысылған форматта емес, толық түпнұсқа түрінде жібере алады. Бұл жіберілетін суреттердіӊ сапалы болуына мүмкіндік береді, жылдам әрі ыӊғайлы.

Сондай-ақ iTys арқылы Android нұсқасында txt, doc, pdf, xls. pps, т.б. форматтағы түрлі құжаттарды жіберуге болады.

Жобаға қатысты пікірлеріӊізді мессенджердіӊ ресми сайтына www.itys.kz жіберу арқылы, өз ұсыныстарыӊызды айтуға және өздеріӊізге ұнаған тақырыпшалар мен функцияларға дауыс берулеріӊізге болады.

Жоба әзірлеушілері таяу аралықта iTys сервисініӊ базасында тегін дыбыстық қоӊыраулар, қазақ тілініӊ автотүзетушісі, графикалық редактор сервистерін ұсынып, ұлттық нақыштағы жаӊа стикерлер мен анимациялар түрін қоспақшы.

Бұл міндеттерді жоғары деӊгейде орындап, көпшілік көӊілінен шығу үшін жетілдіру жұмыстарына қазақстандық дарынды суретшілер, дизайнерлер және техникалық мамандар жұмылдырылмақ.

Өткізілетін орын: Орталық коммуникациялар қызметі, "Қазмедиа орталығы".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны