Система Orphus

Ирактан қашқан американдық әскери қашқын әйелге үкім шығарылды

02.05.2013, 17:42 3540

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - 2007 жылы АҚШ әскерінен қашып, Канадаға бас сауғалаған Кимберли Ривера 10 айға түрмеге жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Ривера сондай-ақ бұлтартпас айғақтармен қарулы күштер қатарынан қуылды. Сотта 30 жастағы әскери әйел өз кінәсін толық мойындаған.

Ривера 2006 жылы Иракта қатардағы жауынгер ретінде борышын өтеген. 2007 жылы екі апталық демалас алған ол еліне қайтып, демалыстан кейін қайтадан Таяу Шығысқа жіберілетінін білген соң, Канадаға өтіп кетіп, сонда саяси баспана сұраған. Канадалық билік өкілдері оның өтінішінен бас тартып, күйеуімен және үш баласымен депортациялаған.

Сотталушының айтуынша, АҚШ-тың Ирактағы миссиясынан көңілі қалғандықтан екінші рет ол жерге барғысы келмеген. Сайттың мәліметінше, Ривера Канадаға қашып барған алғашқы әйел-дезертир. Ал ерлердің арасында мұндай адамдар 2007-2008 жылдары 200-ден асып жығылған көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны