05.10.2016, 19:43 4435

Иран елшісі оӊтүстікқазақстандық қандастарымен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облыстық иран этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Капар-Пур Нурсбек Курбановичтіӊ айтуынша, бұл Қазақстандағы Иран дисапорасыныӊ жалғыз этномәдени бірлестігі және ол 1997 жылы құрылған. Өйткені, диспора өкілдерініӊ 80 пайызы осы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағын мекен етеді. Осы орайда еске сала кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысында осы тектес 20 этномәдени орталық бар.

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Иран Ислам Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Демирчилу кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өӊірдегі иран этносыныӊ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Облыстық "Қоғамдық келісім" КММ-де өткен кездесуде облыстық иран этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Нурсбек Капар-Пур еліміздегі сындарлы мемлекеттік саясаттыӊ арқасында барлық этностар тату-тәтті өмір сүріп жатқанын, төл мәдениеті мен тілдерін сақтап, дамытуға қолайлы жағдай жасалғанын айтып өтті.

Өз кезегінде елші екі ел арасындағы достық, мәдени, іскерлік қарым-қатынастыӊ нығайғанына тоқталды. Қазақстанда қоғамдық келісім мен бейбітшіліктіӊ сақталуын, этностардыӊ теӊ құқыныӊ қамтамасыз етілуін үлкен жетістік деп бағалады.

Оӊтүстік Қазақстан облыстық иран этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Капар-Пур Нурсбек Курбановичтіӊ айтуынша, бұл Қазақстандағы Иран диаспорасыныӊ жалғыз этномәдени бірлестігі және ол 1997 жылы құрылған. Өйткені, диаспора өкілдерініӊ 80 пайызы осы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағын мекен етеді. Осы орайда еске сала кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысында осы тектес 20 этномәдени орталық бар.

Халық санағыныӊ мәліметтеріне сәйкес, өӊірде 4700-ге жуық иран ұлты өкілдері тұрады. Бірлестікті көптен бері басқарып келе жатқан Капар-Пур Нурсбек Курбановичтіӊ айтуынша, оныӊ өзініӊ 5 баласы, 11 немересі Қазақстанда өсіп-өнуде. Олар өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырады. Олар бірлестіктіӊ жанынан құрылған жексембілік мектепте иран тілін оқып-үйренеді. Мектепті Қазақстандағы Иран елшілігі оқулықтармен және қажетті әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді екен. Этномәдени бірлестік Иранды Қазақстанмен жалғастырушы көпір іспетті. Ираннан өкілдер келгенде хабарласып отырады, түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастырады. Қазақстан халқы ассамбелясы ұйымдастырған шараларға белсене атсалысады.

Қазақстанға Иран ұлты өкілдері үш толқынмен келген. Алғашқы толқыны төӊкеріс кезеӊінде келсе, екінші толқыны 30-шы жылдардағы аштық дәуірінде мал айдап келіп, саудалап жүріп осында тұрақтап қалған ирандықтар. Ал үшінші толқыны Ұлы Отан соғысынан кейін келгендер, мысалы, 61 жастағы меніӊ әке-шешем дейді, Капар-Пур Нурсбек Курбанович. Еліміздіӊ оӊтүстігін мекенденген иран диспорасы өкілдері толық қазақша сөйлейді, олардыӊ көбісі тіпті өз ана тілдерінен қол үзіп қалғандардыӊ ұрпақтары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны