05.07.2017, 09:11 5653

IREX EUROPE сарапшылары Қызылорда облысындағы ауылдық онлайн орталық кітапханалардыӊ қызметімен танысуда

Қонақтар онлайн орталықтардыӊ жұмысы көріп, олардыӊ жергілікті халықты ақпараттандырудағы қызметін және сол арқылы проблемаларды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу жолдарын зерттеді

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Мінбер" журналистерді қолдау орталығыныӊ жетекшісі Есенгүл Кәпқызы бастаған IREX EUROPE сарапшылары Қызылорда облысындағы ауылдық онлайн орталық кітапханалардыӊ қызметімен танысуда.

Шетелден келген қонақтар алдымен И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасыныӊ тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнан кейін Іӊкардария, Ақжарма, Аққұм, ІІІ-Интернационал, Еӊбекші және Сұлутөбе ауылдық онлайн орталық кітапханаларда болды.

Қонақтар онлайн орталықтардыӊ жұмысы көріп, олардыӊ жергілікті халықты ақпараттандырудағы қызметін және сол арқылы проблемаларды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу жолдарын зерттеді.

Шетелдіктер жергілікті тұрғындардыӊ ақпараттық алаӊына айналған онлайн орталық кітапханалардыӊ жұмыстарына оӊ баға беріп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны