11.02.2016, 17:42 3127

Ірі көлемде есірткі саудалаған дәмхана қожайыны ұсталды

Дәмхана қожайыны келушілерге 1 келі 300 грамм болатын "тауарды" әзірлеп қойғаны белгілі болды. Сондай-ақ, есірткіні қапшыққа салатын құрал мен ас үй таразысы табылды.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда дәмхана қожайыны ірі көлемде есірткі саудалап келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

31 жастағы ер адамныӊ қылмыстық әрекеті жайлы құлақтанған полиция оны "гашиш" есірткісін сатып жатқан жерінен ұстады. Жедел операцияны "Арлан" арнайы бөлімініӊ жасағы жүргізді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Дәмхана қожайыны келушілерге 1 келі 300 грамм болатын "тауарды" әзірлеп қойғаны белгілі болды. Сондай-ақ, есірткіні қапшыққа салатын құрал мен ас үй таразысы табылды.

Қалалық ІІД-ніӊ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ басшысы Азамат Садыровтыӊ айтуынша, күдікті қазір қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны