18.05.2012, 11:08 3558

ИСЕСКО бастамасы бойынша "жасыл экономиканы" дамытудың Жол картасын қабылдау жоспарлануда

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымына мүше мемлекеттердің (ИСЕСКО) Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам Конференциясы аясында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың басы болатын құжаттарға қол қойылады, деп мәлім етті ИСЕСКО Бас директоры Абдель-Азиз Ил-Туэйжери.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - ИСЕСКО бастамасы бойынша "жасыл экономиканы" дамытудың Жол картасын қабылдау жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымына мүше мемлекеттердің (ИСЕСКО) Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам Конференциясы аясында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың басы болатын құжаттарға қол қойылады, деп мәлім етті ИСЕСКО Бас директоры Абдель-Азиз Ил-Туэйжери.

"Конференция қорытындысы бойынша біз ислам әлемінде тұрақты даму туралы Қарарды қарап, қабылдауымыз керек", - деді Абдель-Азиз Ил-Туэйжери.

Сонымен қатар ол табиғи апаттардың алдын алуға бағытталған бірлескен жоспарды зерттеп, қабылдау керектігіне тоқталды.

ИСЕСКО Бас директорының айтуынша, Қазақстан РИО+20 саммитінде таныстыратын "жасыл" экономика туралы құжат өзекті түрде талқыланатын және маңызды мәселе болады.

"Жасыл" экономика біздің елдеріміздің тұрақты дамуының тиімді тетігі болады, сондықтан біз "жасыл" экономиканы дамытудың Жол картасы болатын құжатты қабылдаймыз. Құжат қоршаған ортаны эәне экологияны қорғауға бағытталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны