09.01.2015, 18:38 3486

Ішімдікке сылқия тойған қарағандылық азамат қоғамдық қауіпсіздікті бұзғаны үшін шақырту бойынша барған тәртіп сакшысына қарсылық көрсетті

5-ші қаӊтар күні Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімініӊ учаскелік полиция инспекторы жедел басқару орталығынан түскен ақпарат бойынша шақырту түскен пәтерге барған.

Қарағанда. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ішімдікке сылқия тойған қарағандылық азамат қоғамдық қауіпсіздікті бұзғаны үшін шақырту бойынша барған тәртіп сакшысына қарсылық көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

5-ші қаӊтар күні Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімініӊ учаскелік полиция инспекторы жедел басқару орталығынан түскен ақпарат бойынша шақырту түскен пәтерге барған. Полиция қызметкері барған пәтерде 47 -жастағы пәтердіӊ иесі болған. Азамат ішімдік ішкен күйде болған және бірден полиция қызметкеріне қарсы шығып оныӊ қолын тістеп алған. Тыныштықты бұзған азамат полиция қызметкерімен ұсталып, полиция бөліміне жеткізіліп, өкімет өкіліне қарсы күш қолдану фактісі бойынша оныӊ үстінен қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 380 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны