14.06.2016, 22:01 4794

Ішкі Істер министрі Ақтөбедегі атыс кезінде полицейлердіӊ жіберген қателігін айтты

Ақтөбелік террористерді Сириядан отырып басқарған. Ал қару алып, көшеге шыққан содырлардыӊ саны бастапқыда 45 болыпты.

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбелік террористерді Сириядан отырып басқарған. Ал қару алып, көшеге шыққан содырлардыӊ саны бастапқыда 45 болыпты. Бүгін қанды қырғынға қатысты жаӊа деректерімен бөліскен, Ішкі Істер министрі 17 мен 50 жас аралығындағы лаӊкестердіӊ Ақтөбеніӊ күлін көкке ұшырмақ болғанын мәлімдеді. Яғни, "сириялық имамныӊ" уағызын тыӊдап, жиһадқа шыққан радикалдар күш құрылымдары мен түрмелерді басып алып, мұнайлы қаланы кішігірім халифатқа айналдырмақ болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Сонымен бір уақытта отбасыларынан безіп, ұшты-күйлі жоғалған 45 содыр Ақтөбеніӊ қақ ортасындағы пәтерге жиналып жиһадқа әзірленген. Жетекшілері туыстарымен сөйлесуге тыйым салып барлығына ұялы телефондарын сол баспанаға қалдыртыпты. Алайда күтпеген жерден 20 әсіредіншіл үйден шыға бере, "қасиетті соғысқа" қатысудан бас тартып, бөлініп кеткен.

Араларынан жік шыққан тағы 3-уі жолшыбай, ажалдан қорыққан тағы бірі қару-жарақ дүкеніне кірмей қаша жөнеліпті.Қалған 25-і ішке баса-көктеп кіріп, жолына кедергі болғандарға оқты қарша боратқан. Екі бірдей қару-жарақ дүкенін тонап кейін автобуспен әскери бөлімге басып кірген радикалдар мұнда да камераға түсіп қалған. Осы бақылау камерасыныӊ көмегімен қанды қылмыстыӊ бетін ашқан полиция террористердіӊ жиһад жасауға тапсырманы Сириядан алғанын айтып отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

-45 адам пәтерде отырып Сириялық имамныӊ аудиотаспаға жазылған үндеуін тыӊдаған. Сол идеолог жиһадты тап 5-ші маусым күні жасауды бұйырыпты. Уағыздан соӊ содырлар бірден "қасиетті соғысқа" шыққан.

Рамазан айында қасиетті соғысқа шыққандардыӊ 18-ніӊ көзі жойылды. 9-ы тірідей тұтқындалған. Қолға түскендердіӊ 12-і бұған дейін адам өлтіріп, кісі тонап,түрмеге отырып шыққан екен. Ішінде 2011-ші жылы Ақтөбедегі облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жарылысқа қатысы бар деп танылып, 3 жыл жазасын өтеп шыққан жігіт те бар. 3 әскери мен 5 бейбіт тұрғынды жер жастандырып, елді дүрліктірген лаӊкестермен тәртіп сақшылары тура 7 күн бойы атысты. Енді осы операция кезінде олқылық жіберген лауазымды шенділер де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

-Өз ішімізде жиналыс өткізіп, кімдердіӊ кемшілік жібергенін анықтаймыз. Ішкі Істер министрлігініӊ кейбір құрылымдарына, соныӊ ішінде патрульды полицияныӊ қызметіне қатысты сұрақ көп. Оларға қандай шара қолданғанымызды, кейін айтамыз.

Ақтөбені қанға бөктіріп, Қазақстанда халифат орнатқысы келетіндердіӊ салафиттер екенін президенттіӊ өзі мәлімдеген. Сақал қойып, балақ кескендердіӊ жат ағымына енді заӊмен тыйым салынбақ. Қазір елімізде осы теріс бағытты ұстанатын 15 мыӊнан астам адам бар.

Мұнайлы қаланыӊ берекесін қашырған лаӊкестік бойынша, 25-тен астам қылмыстық іс қозғалған. Қазір тірідей қолға түскен радикалдармен қатар жиһад жасаудан бас тартқан олардыӊ сыбайластары Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ тергеушілеріне жауап беріп жатыр. Ал арнайы операцияны Астанада отырып бақылаған Ішкі Істер министрі ішкі көші-қон мен адамдарды үсті-үстіне тіркеп пәтерін жалға беретіндермен де күресті күшейтпек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны