28.06.2016, 19:37 3822

Ішкі істер министрі отбасылық бұзақыларды жанұясымен бірге тұру құқығынан айыруды ұсынды

"Отбасына зорлық-зомбылық көрсеткен бұзақыларды отбасымен бірге тұру құқығынан айыруды сұраймын. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде АҚШ және ТМД мемлекеттерінде кеӊінен қолданылады. Яғни, жәбірленушініӊ құқығына басымдық беріледі", - дейді ол

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов отбасылық бұзақыларға жазаны күшейтіп, оларды жанұясымен бірге тұру құқығынан айыруды сұрады. Бұл туралы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған ведомствоаралық кеӊесте м?лім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Отбасына зорлық-зомбылық көрсеткен бұзақыларды отбасымен бірге тұру құқығынан айыруды сұраймын. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде АҚШ және ТМД мемлекеттерінде кеӊінен қолданылады. Яғни, жәбірленушініӊ құқығына басымдық беріледі", - дейді ол, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымов жанұяда зорлық-зомбылық көрген әйелдердіӊ тиісті органдарға шағымданбайтындығын баса айтты. Министрдіӊ айтуынша, бұл жағдай отбасыныӊ шырқын жиі бұзатын азаматтардыӊ өзіне тиісті жазаны алмай, заӊнан сытылып кетуіне мүмкіндік береді.

"Ийелдердіӊ 90 пайызы өз құқықтарын қорғап, сотқа бармайды. 2014 жылы ҚР Икімшілік құқықбұзушылық кодексініӊ 79-бабыныӊ 3-тармағы мен ҚР Қылмыстық кодексініӊ 79-бабыныӊ 1-тармағы бойынша 23 мыӊ іс қаралды. 2015 жылы әкімшілік құқық бұзған азаматтардыӊ әрекеттері қылмыстық әрекет саналды. Осы бойынша сот 627 іске қатысты айыптау үкімін шығарды. Ал Ішкі істер органдары осындай 17 мыӊ істі сотқа жіберді", - дейді министр.

Айта кетейік, кеӊес жұмысына Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы, Парламент депутаттары, Президент Икімшілігі, Премьер-Министр Кеӊсесі, Жоғарғы сот, Ішкі істер министрлігі және өзге де мемлекеттік, құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері, Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, сонымен қатар, Бас прокуратураныӊ жанындағы Консультативтік кеӊес, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарыныӊ мүшелері қатысқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны