06.05.2015, 22:50 4030

Ішкі істер министрлігіндегі Отан қорғаушылар күні мен Жеӊіс күніне арналған мерекелік іс-шаралардыӊ өткізілгендігі туралы БАҚ үшін ақпарат

Аталған іс-шараға Ішкі істер министрлігініӊ басшылығы, Қазақстанныӊ ішкі істер органдарыныӊ және ішкі әскер ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, ҚР Генералдар кеӊес президиумыныӊ мүшесі милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаев, ішкі істер және ішкі әскер органдарыныӊ зейнеткерлері - Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері тыл еӊбеккерлері және оған теӊестірілген тұлғалар қатысты.

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Отан қорғаушылар күні мен Жеӊіс күніне арналған мерекелері қарсаӊында ү.ж. 6 мамыр күні қызметтік борышын атқаруда қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскердегі әскери қызметшілерге арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған іс-шараға Ішкі істер министрлігініӊ басшылығы, Қазақстанныӊ ішкі істер органдарыныӊ және ішкі әскер ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, ҚР Генералдар кеӊес президиумыныӊ мүшесі милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаев, ішкі істер және ішкі әскер органдарыныӊ зейнеткерлері - Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері тыл еӊбеккерлері және оған теӊестірілген тұлғалар қатысты.

Қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардыӊ рухын бір минуттық үнсіздікпен ұлықтады. Монументке гүл шоғырлары қойылған соӊ, ардагерлер мен шараға шақырылушылар алдында астаналық полиция горнизоныныӊ құрылымдары мен ҚР Ұлттық гвардиясы шеру жасап өтті.

Салтанатты шеруден кейін ІІМ Клубында салтанатты жиын өтті. Жиын барысында Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлерін құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Отан қорғаушылар күні мен Жеӊіс күнін мерекелеуге байланысты Орталық аппараттыӊ және ІІО аумақтық бөліністерініӊ қызметкерлеріне наградалар тапсырды.

"Бүгінгі күні біз Отанымызды гитлершіл басқыншылардан қорғағандарға және халықтыӊ бейбіт өмір сүріп, қажырлы еӊбек етіп, болашағына сеніммен қарауы үшін қауіпсіздік пен тыныштықты күзеткен сақшыларымызға құрметпен бас иеміз. Отанымызға деген шексіз адалдық, табандылық пен қажыр-қайратымыз сұрапыл соғыста жеӊіске жетуге жетеледі. Сондықтан да фашизмге қарсы соғысқан аға ұрпақ Жеӊісініӊ ұлылығы жыл өткен сайын жарқырай түседі", деп атап өтті Рашид Жақыпов.

Іс-шараға келушілер ішкі істер органдарыныӊ музей қорларын пайдалана отырып, ІІМ Клубыныӊ фойесінде ұйымдастырылған "Жеӊіс жолымен!" тақырыбында фотодеректі көрмені тамашалады.

Салтанатты шара ІІМ мәдени орталығыныӊ, ҚР Ұлттық гвардиясы ән-би ансамблініӊ мерекелік концертімен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны