18.09.2007, 12:42 1461

Ислам дүниесі Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады

Ислам дүниесі Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ислам дүниесінің өкілдері Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осы сессияға қатысушыларды таяуда Швеция БАҚ-тарында жарияланған қасиетті Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырамын", - деп мәлімдеді отырыста сөз сөйлеген Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрінің кеңесшісі Маджид бен Абдель Азиз ат-Турки.

Ол "мұсылмандар арасынан әлдекімнің иудаизм мен христиан дінінің діни нышандарын келемеждеу оқиғасы бұрын-соңды болып көрген емес", деп атап көрсетті. "Ал батыс бұқаралық ақпарат құралдарында бұған мүлдем керісінше, ислам мен Мұхаммед пайғампарға шабуыл жасау мен қорлау оқиғаларына куәгер болып отырмыз", - деді ол.

М. ат-Турки "осы сессияға қатысушы басқа діндердің өкілдерін ислам жөніндегі қате мәліметтерді жоққа шығару үшін, айдап сала арандатқан сипаттағы саяси және ақпараттық науқандардың ықпалында кетпеу үшін исламмен объективті танысуға мүмкіндік табуға шақырды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны