18.07.2008, 13:14 1196

Ислам Кәрімов Қағандағы жарылыстардың себебін атады

Ислам Кәрімов Қағандағы жарылыстардың себебін атады

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қаған қаласындағы зымырандық-артиллериялық қоймада болған жарылыстардың басты себебі ретінде "Кеңес Одағы кезінде осынау оқ-дәрі қоймасының белгілі бір нормативтерті ескеру арқылы салынбағанын" атады, деп хабарлайды агенттік тілшісі CA-News -қа сілтеме жасап.

Осы жылдың 10 шілдесінде зымырандық-артиллериялық оқ-дәрігер қоймасында болған жарылыстан кейін И.Кәрімовтың бұйрығымен Қағандағы жағдайды бейтараптандыру және оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылған болатын. 17 шілдеде И. Кәрімов Қағанда үкіметтік комиссияның жиналысын өткізді.

Қазір республиканың бас прокуратурасы оқыс оқиғаның дерегі, оның себептері мен шығын көлемін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны