05.01.2009, 13:25 2836

Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы мұсылман қауымды жаңа жылдың келуімен құттықтады

Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы мұсылман қауымды жаңа жылдың келуімен құттықтады

Астара. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Екмелледин Ихсаноглу барша мұсылман қауымды хижра бойынша 1430 жылдың келуімен құттықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Ислам әлемі желтоқсанның 28-і күні күн батқаннан бастап жаңа 1430 жылды қарсы алды. Бұл атаулы мейрам Мұхаммед Пайғамбар мен оның серіктерінің Меккеден Ясрибқа көшуімен байланысты. Мұсылмандар бұл мейрамды жария тойламағанымен, бұл күні адамдар бірін-бірін құттықтайды.

"Бүкіл әлем мұсылмандары бұл күндері жаңа 1430 жылды тойлауда. Бұл - хижра бойынша жаңа жыл мен грегориан күнтізбесі бойынша жаңа жыл қатар келген сәтті сәйкестік", делінген ұйым басшысының құттықтауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны