08.11.2007, 17:47 2796

Ыстықкөлде өтіп жатқан халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы ресейлік отандастардың консолидациясына қатысты мәселелер талқылануда

Ыстықкөлде өтіп жатқан халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы ресейлік отандастардың консолидациясына қатысты мәселелер талқылануда

Бішкек. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ыстықкөлде өтіп жатқан халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы ресейлік отандастардың консолидациясына қатысты мәселелер талқылануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстандағы ресейлік отандастардың үйлестіру кеңесіне сілтеме жасап.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Қырғызстандағы Славян қорының басшысы Валерий Вишневскийдің айтуынша, "күн тәртібіне енгізілген мәселелердің арасында Орталық Азия елдеріндегі орыс тілі мен мәдениетіне қатысты ахуал, билікпен диалог жүргізу мәселелері, жастар проблемасы, Ресей жүзеге асырып жатқан ресейлік отандастарды қолдау бағдарламаларына септігін тигізу және тағы басқа мәселелер бар".

"Форумға өңірдегі бес мемлекеттің осындай ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысуда", - деді ол.

Оның айтуынша, "қатысушылардың арасында іс-қызметі үшін өздері тұратын елдері мен халықаралық ұйымдардың түрлі марапаттарына ие болған көптеген танымал адамдар, барлығы 100 шақты адам бар". "Атап айтсақ, Светлана Чаутина - "Дружба" орденінің иегері, Тараз қаласындағы отандастар ұйымын басқарады, ал Ольга Лелеева - Пушкин сыйлығының иегері, Қырғызстанның Нарын қаласының орыс тілі орталығының директоры тағ басқалар", деді үйлестіру кеңесінің төрағасы.

В.Вишневскийдің айтуына қарағанда, конференция Қырғызстандағы РФ елшілігімен және Ресейдің шетелдерде тұратын отандастарды қолдау жөніндегі федералдық бағдарламасымен ықпалдастық негізінде өткізілуде және ол 9 қарашаға дейін созылады.

Конференцияға тұрақты сипат беру мүмкіндігі де талқыланбақшы. Оның жұмыс органдары құрылып, Ресейде жұмыс істейтін отандастар кеңесіне өңір республикаларынан өкілдер сайланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны