14.06.2019, 23:28 10447

IT - мамандарға арналған үш айлық "Цифрлық жаз" тағылымдама бағдарламасының соңғы кезеңінің басталғаны жарияланды

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша Қор ең үздік үміткерлдерді алты IT бағыт бойынша жұмысқа орналастырады: жүйе әкімшісі, IT менеджер, IT бизнес сарапшысы, әзірлеуші, желі әкімшісі, инженер-сарапшы / ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңесші.

Нұр-Сұлтан. 14 маусым. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жас IT - мамандарға арналған үш айлық "Цифрлық жаз" тағылымдама бағдарламасының соңғы кезеңінің басталғанын жариялады. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша үздік үміткерлер жұмысқа орналасады. Аталмыш бағдарлама жастар жылы аясында Қазақстан жастарын қолдау мен дамытуға бағытталған "Жас Самұрық" жобасының қолдауымен жүзеге асырылады.

"Биыл бағдарламаның шарттары неғұрлым қатал болғанына қарамастан, жас мамандар өздерінің білімдері ме ақпараттық технология саласында дамуға деген ынталарын көрсетті. Байқауға қатысуға 1500-ден астам адам ниет білдірді, оның 78-і төрт іріктеу кезеңінен өтіп, тағылымдамадан өтетін болды. Ендігі кезекте үміткерлер елдегі ең үздік IT-мамандардан практикалық тәжірибе алады",- деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ цифрландыру және трасформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы келіп түскен өтініштердің саны 500-ден асты, олардың 33-і жұмысқа орналастыралды. Бағдарламаның жаңартылған шарттарына сәйкес бакалавриаттың 3-4 курс студенттері және магистратураның бірінші және екінші курс студенттері қатыса алады. Өтініш берушілер төрт деңгейлі іріктеуден өтті: онлайн IT тест, IT мамандығының бағыты бойынша және қабілеттілікті тексеретін тапсырма.

Іріктеуден өткен үміткерлер Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қаласының ЖОО студенттері: Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және С.Демирел атындағы университет.

Сонымен қатар, биыл тағылымдамада студенттерге ақы төленеді және оларды арнайы менторлық бойынша оқытылған компаниялардың топ-менеджерлері тәлімгер болады. Сондай-ақ, үміткерлерSAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei, Kaspersky, QazClaud, Astana Hub сынды әлемдегі ірі IT компаниялардан практикалық тәжірибе алады.

2019 жылдың 17 маусымынан 29 тамызына дейін үміткерлер мына компанияларда тағылымдамадан өтеді: "Самұрық-Қазына "АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "KEGOC "АҚ, "Қазпошта "АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ "АҚ, "ҚазТрансГаз"АҚ, "Кселл" АҚ, "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ, Самұрық-Энерго"АҚ," Эйр Астана"АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"АҚ, "QazCloud " ЖШС.

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша Қор ең үздік үміткерлдерді алты IT бағыт бойынша жұмысқа орналастырады: жүйе әкімшісі, IT менеджер, IT бизнес сарапшысы, әзірлеуші, желі әкімшісі, инженер-сарапшы / ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңесші.

Атап өткен жөн, Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордың компаниялар тобына жас және талантты мамандарды іріктеуге мүмкіндік берген "Цифрлық жаз -2018" бағдарламасына оң бағасын берді.

Бағдарламаның ресми сайты http://digital-summer.sk.kz.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны