02.12.2012, 11:51 3133

Италия Маңғыстау облысында жаңа бірлескен компания ашуға қызығушылық танытып отыр

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, А. Пиери сапарының мақсаты - өңірмен таныс болу, сондай-ақ Маңғыстау облысы және Италияның іскерлік ортасы арасында ынтымақтастық болашағын айқындау.

Ақтау. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - 30 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов Италияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Альберто Пиериді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, А. Пиери сапарының мақсаты - өңірмен таныс болу, сондай-ақ Маңғыстау облысы және Италияның іскерлік ортасы арасында ынтымақтастық болашағын айқындау.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында 3 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді: "Сага терминал логистикс" ЖШС Ақтау филиалы, "Форес Инжиниринг Қазақстан" ЖШС және "Розетти-Имсталькон" ЖШС. 2012 жылдың 9 айында өңірдің сыртқы сауда көлемінде Италияның үлесі 352,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Маңғыстау облысында елші 2 күн болады, ол Құрық кентіндегі "Ерсай" ЖШС-нің қызметімен және Ақшұқыр кентіндегі "Қазақстан КаспианОффшорИндастриз" ("KCOI") ЖШС-нің қызметімен таныс болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны