21.09.2016, 16:16 3950

Италияда Олжас Сүлейменовтіӊ "Хат тілі" кітабыныӊ тұсаукесері өтті

Кітаптыӊ тұсаукесері барысында автор Қазақстанда әдебиеттіӊ дамуы туралы қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді.

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Порденон қаласында итальяндық "Festa del libro con gli autori" (Авторлардыӊ қатысуымен кітап фестивалі) ірі кітап жәрмеӊкесі аясында қазақтыӊ көрнекті ақыны, жазушысы және мемлекеттік қайраткері Олжас Сүлейменовтіӊ итальян тіліне аударылған "Хат тілі" кітабыныӊ тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Қазақстанныӊ Италиядағы Елшілігі еліміз Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойы қарсаӊында кітаптыӊ аудармасы мен басылуын тарих, мәдениет, әдебиет және филология саласында кітаптарды басып шығаруға мамандандырылған "Сандро Тети Эдиторе" баспа үйімен бірлесіп дайындады.

"Кітаптыӊ тұсаукесеріне Италияныӊ өнерпаз және ғылыми зиялы өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтары, итальян университеттерініӊ профессорлары және студенттері, Италияныӊ ірі кітап баспаларыныӊ өкілдері қатысты", - делінген хабарламада.

Атақты итальяндық тарихшы және жазушы Франко Кардини кітаптыӊ авторын таныстыра отырып, жиналған қауымды әлемде алғаш рет антиядролық қозғалысыныӊ негізін қалаған О. Сүлейменовтіӊ қоғамдық-саяси қызметімен таныстырды. Ол О. Сүлейменовтіӊ әдеби қызметіне тоқталып, автордыӊ өлеӊдері мен дастандары әлемніӊ көптеген тілдеріне аударылғанын атап айтты.

""Хат тілі" кітабы еуропалық тілдердіӊ арасында алғаш рет итальян тіліне аударылып отыр. Сондай-ақ, Ф. Кардини О. Сүлейменовке мәдениет бауырластығы және халықтарды рухани өзара байыту идеясы бұрыннан жақын, ал оныӊ итальян тіліндегі кітабыныӊ басылып шығуы Қазақстан мен Италия арасын жақындатуға тағы бір нақты қадам деп атап өтті", - деп хабарлайды сыртқы істер ведомствосы.

О. Сүлейменов "Хат тілі" кітабыныӊ итальян тіліндегі тұсаукесеріне қатысуын айтулы оқиға болып саналады деді. Автор аталған жұмыс дәл 1998 жылы Рим қаласында Италиядағы қазақстандық елшілікті басқару сәтінде аяқталғанын атап өтті. Сонымен қоса, автор өзініӊ кітабымен жұмыс жасау аясында оны бірнеше он жылдық бойы этимологиялық сөздік негізінде жазғанын жеткізді. Кітаптыӊ тұсаукесері барысында автор Қазақстанда әдебиеттіӊ дамуы туралы қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара қазақ жазушыларыныӊ шығармасын Италияда насихаттау арқылы Қазақстанныӊ мәдени имиджін ілгерілетуге сабақтас болды. Тұсаукесер қатысушылары атақты қазақстандық жазушы ақынныӊ кітабы итальян тілінде жарыққа шығуы Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы достық ынтымақтастықтыӊ одан әрі дамуына қосылған тағы да бір маӊызды үлес болып саналады деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны