26.12.2016, 12:27 5348

Италиялық саяхатшы және зерттеуші Марко Поло туралы ғылыми-танымдық фильмніӊ көрсетілімі Астанада өтеді

Марко Поло туралы фильмніӊ режиссерлік шешімі ғылыми пікірталастыӊ, тарихи қайта құрудыӊ және этнографиялық фильмніӊ қиылысында құрылады.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 27 желтоқсанда "Марко Полоныӊ Жібек жолы" ғылыми-танымдық фильмініӊ премьералық кинокөрсетілімі болады.

Кинокөрсетілімге Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтыбас директоры Андрей Хазбулатов, фильмніӊ продюсері Марио Дюкодрей ("New York - NewYork" (АҚШ) компаниясыныӊ директоры), "Абай жолы" мәдениетін тарату компаниясыныӊ директоры Қосман Қажытай (Қытай), режиссер Алексей Каменский, сондай-ақ мемлекеттік органдар, қоғамдастық, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ өкілдері қатысады.

Ұлы италиялық саяхатшы және зерттеуші Марко Поло туралы ғылыми-танымдық фильмді 2016 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша қытайлық және италиялық тараптармен бірлесіп, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсірді.

Марко Поло туралы фильмніӊ режиссерлік шешімі ғылыми пікірталастыӊ, тарихи қайта құрудыӊ және этнографиялық фильмніӊ қиылысында құрылады.

Жетекші қазақстандық және шетелдік тарихшы-сарапшылар Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтыалғаш рет қазақ тілін аударған Марко Полоныӊ "Илемніӊ әралуандығы" атты кітабыныӊ ерекшелігініӊ бірегейлігін ашып көрсетті.

"Марко Полоныӊ Жібек жолы" ғылыми-танымал фильмінде Орта Азияны және қазіргі Қазақстанныӊ аумағын сипаттауға ерекше назар аударылған.

2017 жылы фильм сарапшыларыныӊ бірі, белгілі поляк зерттеушісі Яцек Палкевичиталиялық саяхатшы Марко Полоныӊ жолын қайталайды. "Марко Полоныӊ Жібек жолы" фильмі 7 ел қатысатын халықаралық экспедицияныӊ барлық бағдары бойынша көрсетілетін болады. Сонымен қатар, фильмніӊ дистрибуциясы АҚШ, Қытай және Италияда жоспарлануда. Қазақстанда көрсету үшін фильм қазақ тіліне аударылады, бұл мемлекеттік тілді дамытуға және тарихи-мәдени ағартуға ықпал ететін болады. Фильм Қазақстанныӊ шетелдік кинонарықта беделін нығайтуға мүмкіндік беретін халықаралық кинофестивальдерге қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны