19.04.2010, 18:04 3381

Италияны азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік солдатқа, соның ішінде 38 қазаққа арналған ескерткішті салтанатты ашу рәсімі Триест қаласында өтеді

Италияны азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік солдатқа, соның ішінде 38 қазаққа арналған ескерткішті салтанатты ашу рәсімі Триест қаласында өтеді

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Италияны азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік солдатқа, соның ішінде 38 қазаққа арналған ескерткішті салтанатты ашу рәсімі Триест қаласында өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

СІМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Италиядағы Қазақстан елшілігінің қатысуымен сол елдің солтүстік аумағын азат ету кезінде қаза тапқан Югославия халық-азаттық армиясының "Орыс батальоны" құрамында шайқасқан 104 кеңестік солдаттың аты-жөндері анықталған. Олардың 38-і қазақтар болып шықты. Жауынгерлердің жерленген орнын іздестіруге мұрындық болған Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қалмұқан Исабай.

Италия үкіметінің қолдауымен Триест қаласының әкімшілігі Искери бейітте ескерткіш орнатуға арнайы жер учаскесін бөліп берген болатын.

Ескерткішті салтанатты түрде ашу рәсімі итальян халқы өздерінің фашизмнен азат болуының 65 жылдығын тойлайтын күні, 25 сәуірде өтеді.

Аталмыш іс-шараға Екінші дүние жүзі соғысының бірқатар қазақстандық ардагерлері, ТМД елдерінің Италиядағы елшіліктердің өкілдері, сол елдің қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Бұл оқиға Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейту жолында және болашақ ұрпақты фашизм, нәсілдік, этникалық және діни төзбеушіліктің қандай да болсын көріністеріне жол бермеу тұрғысынан тәрбиелеуде мағынасы зор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны