14.11.2011, 09:40 3790

Италияның жаңа премьер-министрі болып Марио Монти тағайындалды

Италия Президенті Джорджо Наполитано елдің жаңа премьер-министрі етіп, белгілі экономист, бұрынғы еурокомиссар Марио Монти тағайындады.

Рим. 14-қараша. Kazakhstan Today - Италияның жаңа премьер-министрі болып Марио Монти тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Италия Президенті Джорджо Наполитано елдің жаңа премьер-министрі етіп, белгілі экономист, бұрынғы еурокомиссар Марио Монти тағайындады.

Reuter агенттігі хабарлағанындай, Д.Наполитано оған жаңа министрлер кабинетін жабдықтауды тапсырды.

Италия Президенті М.Монтиді үкімет басшылығына барлық парламенттік партиялармен, бірлестік жетекшілері мен екі ұлттық парламент өкілдерімен, басқа да лауазымды бедел иелерімен кеңескеннен кейін барып тағайындады, деп хабарлайды РБК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны