17.05.2007, 18:36 4006

Итбалықтардың жаппай қырылуы мұнай өндіретін компаниялардың іс-қызметінен туындап отыр, деп санайды облыстық мәслихат депутаты

Итбалықтардың жаппай қырылуы мұнай өндіретін компаниялардың іс-қызметінен туындап отыр, деп санайды облыстық мәслихат депутаты

АҚТАУ. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Итбалықтардың жаппай қырылуы мұнай өндіретін компаниялардың іс-қызметінен туындап отыр, деп санайды облыстық мәслихат депутаты Болат Жансүгіров.

"Соңғы кездері Каспийдің қазақстандық бөлігінде болып жатқан төтенше оқиға себептерінің бірі мұнай өндірумен айналысатын компаниялардың белсенді іс-қызметі, теңізде жүзудің қауіпсіздік нормаларына сай келмейтін ескірген танкерлермен мұнай тасу болып табылатындығы сөзсіз",- деді Болат Жансүгіров.

Депутаттың пайымдауынша, мемлекеттік органдардың теңіз жануарларының қырылуы туралы жасаған қорытындылары шындыққа жанаспайды және экологиялық апатты тексеруге халықаралық мамандарды тартуды талап етеді. "Аймақтағы экологиялық ахуалдың төмендеп кеткендігін, Каспий жағалауындағы итбалықтардың бірнеше рет жаппай қырылуын ескере отырып, болған оқиғаның себептерін және Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігінің су айдыны мен құрғақтағы мұнай өндірудің экологиялық салдарын тексеруге тәуелсіз шетелдік және отандық сарапшыларды тарту қажет деп санаймын",- деп мәлім етті Б. Жансүгіров.

Бұрындары хабарлағанымыздай, итбалықтардың өліктері бірінші рет Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан 30-наурызда табылған болатын. Бүгінгі күнде өлген итбалықтардың саны мыңға жетіп жығылады. Итбалықтардың қырылуының себебін тексерген комиссияның болжамдары бойынша, теңіз жануарларының қырылуына себеп болған етқоректілердің оба індеті болып табылады. Екі институттың - Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің микробиология институтының жүргізген екі сараптамасы да өлген итбалықтардың денесінде аталмыш індеттің бар екендігін анықтаған. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы да аталған болатын.

Сондай-ақ, Изербайжандық экологтардың пайымдауынша, итбалықтардың қырылуы Каспий теңізінің қазақстандық аумағының ластануынан болып отыр.

Бұрындары Изербайжанның экология және табиғат ресурстары министрі Гусейн Багировтің хабарлауынша, оның басқаруыныдағы мекеме Каспийдің әзербайжандық секторына үнемі мониторинг жүргізіп тұрады және де осы күнге дейін бір де бір итбалықтардың қырылу дерегі анықталмаған. "Сондықтан да, олардың қырылуы Каспийдің қазақстандық секторының ластануына байланысты, деп ойлаймыз, бірақ індеттің болуын да жоққа шығармаймыз. Егер біздің жағалауда да өлі итбалықтар табылған жағдайда індет бар деп тап басып айтуға болады",- деді Г. Багиров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны