29.04.2021, 22:38 16048

Қиясов қазақстандықтарға үндеу жолдады

"Мен коронавирустық инфекция кең таралған мемлекеттерге барудан аулақ болуды сұраймын".
НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерге демалысқа немесе өзге де істер бойынша баратындардың барлығына жүгінді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мен коронавирустық инфекция кең таралған мемлекеттерге барудан аулақ болуды сұраймын. Қазіргі уақытта бұл Үндістан, Түркия, Еуропаның, Латын Америкасының, Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдері", - деді Ерлан Қиясов.

 
Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның жаңа штамдары тез дамып, таралуы қоғамға және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне өте қауіпті.
 

Демалысты күте тұрыңыз, өйткені бұл сіздің жеке денсаулығыңыз ғана емес, сонымен бірге жақындарыңыздың гүлденген және толыққанды өмірі", - деді елдің Бас санитариялық дәрігері.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны