09.07.2007, 12:44 2947

Іздеу жарияланған Темірәлиев пен Хасенов әзірге табылған жоқ - ІІМ

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жоғалып кеткен "Нұрбанк" топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов әзірге табылған жоқ, деп мәлімдеді бүгін өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығының бастығы Бағдат Қожахметов.

Бұрынғы банкирлердің қаза тапқаны туралы қауесетті жоққа шығарған Б.Қожахметов : "Олар әлі табылған жоқ. Дақпырттардың бәрі жалған", -деді. "Бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Белгілі бір нәтижелер бар, бірақ тергеу мүддесіне сәйкес олар жария етілмейді", - деді ІІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны