20.04.2009, 18:14 3041

Израиль Мемлекетінің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт VIII Еуразиялық медиафорумға қатысу үшін Қазақстанға келеді деп жоспарлануда

Израиль Мемлекетінің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт VIII Еуразиялық медиафорумға қатысу үшін Қазақстанға келеді деп жоспарлануда

Астана. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Израиль Мемлекетінің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт 2009 жылғы 22-24 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін VIII Еуразиялық медиафорумға қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Конференция барысында қазіргі әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған экономикалық қаржы дағдарысы мен бүгінгі таңдағы журналистиканың алдында тұрған мәселелер, Оңтүстік Осетия мен Газа Секторындағы шиеленістердің ерекшеліктері, АҚШ-тың жаңа әкімшілігі бойынша сараптау мен болжамдар, ақпарат кеңістігінің виртуализациясы және блогосфераның даму феномені жайлы тақырыптар талқыға салынатын болады,- деді І.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны