06.11.2012, 13:04 3623

Израильдік дәрігерлер Астанада көмей ауруына шалдыққан 12 сәбиге операция жасады

Қазақстанда алғаш рет көмей ауруына шалдыққан 12 балаға тегін операция жасалды. Операция израильдік дәрігерлердің көмегімен өтті. Бұрын елімізде тыныс жолдарының туа біткен немесе жүре пайда болған ауруына шалдыққан балаларға операция жасайтын мамандар болмағандықтан, тек шетел асып ем іздеуге мәжбүр болатын.

Астана. 6-қараша. Kazakhstan Today - Израильдік дәрігерлер Астанада көмей ауруына шалдыққан 12 сәбиге операция жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда алғаш рет көмей ауруына шалдыққан 12 балаға тегін операция жасалды. Операция израильдік дәрігерлердің көмегімен өтті. Бұрын елімізде тыныс жолдарының туа біткен немесе жүре пайда болған ауруына шалдыққан балаларға операция жасайтын мамандар болмағандықтан, тек шетел асып ем іздеуге мәжбүр болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен отандық дәрігерлер балалардың тыныс алу жолдарын емдеудің тың жолдарын үйренуге мүмкіндік алды.

Кішкентай Икежан бүгін көңілді. Тыныс алуы да жақсы. Оның көмейіне операция жасалды. Туғанда тыныс алу жүйесі зақымданғандықтан кеңірдегіне жасанды түтікше қойылған. Елімізде балалардың көмейіне операция жасайтын маманның жоқтығынан Икежанның анасы да шетелден дәрігер іздеп талай жерге сабылыпты. Бақытына орай, операция алыста емес, Астанада жасалды.

Операция жасалған балалардың алды 8 айлық. Ауруды жас кезінде емдемесе, нәрестелер сөйлеу қабілетінен мүлдем айырылуы мүмкін. Тіпті көмей, кеңірдек, тыныс алу жолдарының ауруларына уақытылы ем шарасын қолданбаса, онда созылмалы ауруға айналып кетуі мүмкін.

Израильде көмейге операция жасау құны 30 мың еуроға дейін барады. "Егер отандық дәрігерлерді дайындайтын болсақ, онда мұндай операциялар тегін жасалатын болады" дейді мамандар.

Балалардың көмей стенозын емдеу бойынша отандық дәрігерлер израильдік жетекші мамандардың шеберлік сыныптарына қатысып, тәжірибе алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны