14.07.2011, 10:45 3458

Израильдік миллиардердің немере інісі Астанада элиталық кешен салуда

Бұл жобаның жүзеге асыру құны 6 млрд АҚШ долларын құрайды, - деп израильдық "Едиот Ахронот" ("Мамон") газетінің экономикалық нұсқаулығына сілтеме жасай отырып lzrus порталы хабарлайды.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Авраам Наникашвилидің соңғы бес жылда Астанада тұратын немере інісі 30 мың адамға есептелген (10 000 тұрғын үй) элиталық кешен тұрғызады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жобаның жүзеге асыру құны 6 млрд АҚШ долларын құрайды, - деп израильдық "Едиот Ахронот" ("Мамон") газетінің экономикалық нұсқаулығына сілтеме жасай отырып lzrus порталы хабарлайды.

Израиль миллиардері Авраам Наникашвилидің Грузияда туған немере інісі Давид Бен-Нани (Наникашвили) Қазақстанның Бас қаласында элиталық тұрғын үй кешендерін тұрғызуда. "Бұл Қазақстандағы жүзеге асырылып отырған ең үлкен құрылыс жобаларының бірі" - деді ол "Мамон" баспасына берген сұхбатында.

Жаңа аудан "Централ парк" деп аталатын болады. Бұл жоба 10 000 тұрғын үй пәтерлерін қамтиды, сонымен қатар саябақтар, мектептер, екі футбол алаңы және үш қонақ үй тұрғызылады, - делінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны