30.05.2013, 10:23 3121

Із-түссіз жоғалды деген 4 қыз Астанада жезөкшелікпен айналысқан екен

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәнін сатқан қыздар мен оларды бұл қылмысқа итермелеген адамдарды анықтап жатыр.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Із-түссіз жоғалды деген 4 қыз Астанада жезөкшелікпен айналысқан екен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәнін сатқан қыздар мен оларды бұл қылмысқа итермелеген адамдарды анықтап жатыр.

Соңғы үш тәулік ішінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезкөкшелік көріністері көп байқалатын "Көктем" сауда орталығы, "Дәулет" сауда орталығы, моншалардың маңын тексеріп шыққан. Үш күн ішінде жеңіл жүрісті 47 келіншек анықталса, оның төртеуі осы уақытқа дейін "із-түссіз жоғалған" деп іздеуде жүргені анықталды.

Жедел шараларды жүргізу барысында елорданың полициясы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1983 жылғы азаматшаны қолға түсіреді. Жезөкшелікке салынған бұл әйел жоғалды деп тіпті халықаралық іздеуге салынған екен.

Жалпы, үш күн ішінде Өзбекстанның 2 азаматшасы мен қыздарды сатқан 3 "жеңгейтай" анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны