31.10.2016, 14:42 6091

Із-түзсіз жоғалған Астана қаласы тұрғыныныӊ мәйіті бар автокөлік Қарағанды облысындағы су қоймаларыныӊ бірінен табылды

30-қазан күні Криминалдық полиция басқармасыныӊ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Абай қаласыныӊ 30 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - Із-түзсіз жоғалған Астана қаласы тұрғыныныӊ мәйіті бар автокөлігі Қарағанды облысындағы су қоймаларыныӊ бірінен табылды, деп хабарлайды Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, Астана қаласынан Қарағанды облысына өзініӊ автокөлігімен шығып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен 40 жастағы азаматты іздестіру үшін Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті басшылығымен жедел іздестіру тобы құрылған болатын.

"Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Қарағанды облысындағы су қоймаларыныӊ бірінен ішінде із-түзсіз жоғалған азаматтыӊ мәйіті бар автокөлікті тапты",-делінген хабарламада.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 99 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексерудіӊ біріӊғай тізіліміне тіркелді.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, "30-шы қазан күні Криминалдық полиция басқармасыныӊ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Абай қаласыныӊ 30 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды. Күдікті азамат 23-ші қыркүйек күні жеке келіспеушілік салдарынан жәбірленушіні өлтіріп, қылмыстыӊ ізін жасыру мақсатында мәйітті жәбірленушініӊ автокөлігімен апарып тастағандығын мойындады".

Полиция ақпаратына сәйкес, бүгінгі таӊда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны