29.08.2007, 13:51 2835

Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанға әлдеқайда тиімдірек қауіпсіздікті қамтамасыз етті - Қазақстан президенті

Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанға әлдеқайда тиімдірек қауіпсіздікті қамтамасыз етті. "Ядролық қарусыз әлемге Қазақстан салған жол" атты халықаралық симпозиумға қатысушыларға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған хатта осындай пікір айтылған.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанға әлдеқайда тиімдірек қауіпсіздікті қамтамасыз етті. "Ядролық қарусыз әлемге Қазақстан салған жол" атты халықаралық симпозиумға қатысушыларға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған хатта осындай пікір айтылған.

"Ядролық қарудан бас тарту елімізге әлдеқайда тиімдірек қауіпсіздікті қамтамасыз етті", - делінген бүгін форумның ашылуында мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев оқып берген құжатта.

"Ядролық қарудан бас тартудың арқасында Қазақстан ел экономикасына ауқымды инвестициялар тартуға мүмкіндік алды", - деді өз кезегінде симпозиумда сөз алған ҚР СІМ Марат Тәжин.

Оның пікірінше, "кейінгі жылдары халықаралық лаңкестікпен күрес аясында ядролық қаруға қатысты проблемалар кейін қарай ысырылды". "Бірақ қазір лаңкестік ұйымдардың осындай қаруды иемденуге ұмтылуына байланысты бұл қатер күшейе түсті", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны